English version

Қарағанды облысының әкімі қайтыс болған кеншілердің туыстарына көңіл айтты

Контекст дня — 29 октября 2023 18:00
0 -1

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қаза тапқан кеншілердің туыстарымен кездесіп, облыс әкімдігі отбасыларға материалдық қолдау мен жерлеу рәсімдерін ұйымдастыру және өзге де қажетті көмек көрсету шараларын іске асырып жатқанын айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Әкімнің айтуынша, бұл мәселелерді жеке бақылауына алған. Сондай-ақ қабылданған шаралар туралы жұртшылықты хабардар етіп отыратынын атап өтті.

– Бүгінгі күнді қайтыс болған кеншілердің туыстары мен жақындарына барудан бастадым. Оларға көңіл айтып, қолдау білдірдім. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша облыс әкімдігі отбасыларға материалдық қолдау мен жерлеу рәсімдерін ұйымдастыру және өзге де қажетті көмек көрсету шараларын іске асыру үшін жедел тәртіпте жұмыс жасауда. Әр отбасы көтерген мәселелер жекелей шешілетін болады. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда. Мен сіздерді қабылданған шаралар туралы хабардар етіп отырамын, – деп жазды ол.

Фото: gov.kz


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.