English version

Қарағандыда балалардың жаппай улануына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Контекст дня — 1 августа 2023 18:10
0

Қарағанды облысында балалардың жаппай улануына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Exclusive.kz.

– Өкінішке қарай, бір бала қайтыс болды. Оның ата-анасына қайғыра көңіл айтамын. Алты бала ауыр халде жан сақтау бөлімінде, жеті бала ауруханада жатыр. (Тағы 2 бала түсті). Олардың арасында жетім балалар да бар. Қазіргі таңда бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, комиссия құрылды. Улану себептерін анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде. Балаларға медициналық-әлеуметтік қызметтер көрсететін 84 мекеменің барлығында Бас прокуратура кешенді тексеріс жүргізетін болады. Оның 20-сында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрады, – деп жазды Зәкиева.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл күзде барлық балалар мекемелерін тексеруді жоспарлап отырғанын айтты.

Сондай-ақ мамандарды даярлау сапасын, олардың деңгейін назарға алу керектігін жеткізді.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.