Қарағандыда өрттен бір отбасының 4 баласы көз жұмды
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының Талды ауылында өрт болып, бір отбасының 4 баласы өмірден озды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан 2019, 2020, 2021, 2022 жылдары туған 4 бала қайтыс болған. Айта кетейік, өрт шыққан кезде үйде балалардан басқа ешкім болмаған.
Қазіргі уақытта өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.
– Тұрғын үйдегі өрт салдарынан төрт бала қаза тапты. Олар үйде жалғыз болған. Болжам бойынша, ата-аналары көршілеріне кеткен. Төрт баланың өмірін қиған қайғылы оқиға Қасым Аманжолов кентінде болды, – деп жазылған хабарламада.
Фото: ТЖД Қарағанды
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.