Қарағандыда тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды
Қарағандыда таңғы 03:30 шамасында екі отбасына арналған тұрғын үйде жарылыс болды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Жарылыстан екі адам күйіп қалды. Біреуі ауыр жағдайда жатыр. Денесінің 40 пайызын күйік шалған. Екіншісінің хәлі орташа ауыр. Басы мен аяқтары бірнеше жерінен жараланған.
Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғын үйдегі жарылыстың салдарын анықтау мақсатында үйінді арасынан екі 5 литрлік газ баллоны табылғанын мәлімдеді. Оның біреуі жарылған күйде.
– Бұл газ жарылғаны туралы болжамды шамамен дәлелдейді. Жұмыстар жалғасуда, – деп жазылған хабарламада.
Фото: ТЖМ
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.