English version

Қарамағындағы қызметкерлерді балағаттаған әкімге қатысты тексеріс басталды

Контекст дня — 24 ноября 2022 17:50
0 -1

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжановтың аудиожазбасына қатысты қызметтік тергеуді бастады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметіне хабарлады.

Агенттікте мәліметінше, аудиожазба әлеуметтік желілерді бақылау барысында табылған.

– Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын талаптар мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінде айқындалған. Мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынаста дөрекілік, қадір-қасиетін қорлау, әдепсіздік және теріс мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге тиіс. Осыған байланысты Мемлекеттік қызмет істері агенттігі осы лауазымды тұлғаға қатысты қызметтік тергеу жүргізуде, – делінген хабарламада.

Тексеру нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады. Еске салайық, БАҚ-та әкім Марат Тоқжановтың қатысуымен өткен кеңестің аудиожазбасы пайда болды. Кеңес барысында әкім қарамағындағы қызметкерлерге тіл тигізіп, балағат сөздер айтқан.

Фото: ашық дереккөз

Изображение 1 для Қарамағындағы қызметкерлерді балағаттаған әкімге қатысты тексеріс басталды
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.