Ya Metrika Fast


English version

«Қаражанбасмұнай» бас директорының орынбасары ұсталды

Контекст дня — 26 июня 2023 18:10
0
Изображение 1 для «Қаражанбасмұнай» бас директорының орынбасары ұсталды

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Өзенмұнайгаз» АҚ Бас директорының бұрынғы орынбасары Е. Қарамырзаевты (қазіргі таңда «Қаражанбасмұнай» АҚ Бас директорының орынбасары) ұстады, деп хабарлайды Exclusive.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол «КЕЗБИ» ЖШС-нің және «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның басқа да мердігер ұйымдарының заңды кәсіпкерлік қызметіне кедергі жасау мақсатында өзінің қызметтік өкілеттігін пайдаланған деп күдіктелуде.

– Қарамырзаев конкурстың жекелеген қатысушыларының біліктілік талаптарына сәйкес келмейтінін және мұнай-газ саласындағы жұмыс тәжірибесі туралы жалған құжаттар ұсынғанын біле тұра, оларды тендерге қатыстырған. Олардың мүдделерін қолдауды жалғастыра отырып, ол «КЕЗБИ» ЖШС-ні компаниясы үшін ұңғымаларды жерасты жөндеу бойынша көрінеу қолайсыз шарт жасасуға мәжбүр етті. Өзінің заңсыз әрекеттерімен ол «КЕЗБИ» ЖШС-нің заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірді және мыңнан астам қызметкердің құқықтарын бұзды, сондай-ақ мердігер ұйымдардың еңбек ұжымдарында әлеуметтік шиеленіс тудырды, – деп жазылған хабарламада.


Айта кетейік, ҚР ҚПК 201-бабының негізінде өзге ақпарат жария етілмейді.

Фото:ozen.kz


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.