Аргентина футболдан 2022 жылғы әлем чемпионы атанды - Exclusive
Поддержать

Аргентина футболдан 2022 жылғы әлем чемпионы атанды

2022 жылы Қатарда өткен әлем чемпионатында Аргентина құрамасы жеңімпаз атанды.

Әлем жұртшылығы көз тіккен финалдық ойында 80-минутқа дейін Аргентина 2:0 есебімен жеңіп тұрған еді. Бірақ Франция ойыншысы Киллиан Мбаппе есепті теңестірді. Кейін ойын экстра таймда жалғасты.

30 минуттан тұратын экстра тайм да тартысты өтті. Лионель Месси мен Киллиан Мбаппе бір голдан салды. Ойын 3:3 есебімен аяқталып, пенальти сериясына жалғасты.

Аргентина пенальти сериясында Францияны 4:2 есебімен жеңді. Айта кетейік, Аргентина-Франция финалы әлем чемпионатының тарихындағы ең тартысты кездесулердің бірі болды.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.