Арман Қырықбаев жаңа қызметке тағайындалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Арман Қырықбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
– Мемлекет басшысының өкімімен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, – деп жазылған хабарламада.
Арман Қырықбаев 1976 жылы 20 қазанда Целиноград қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық Академиясының түлегі. Мамандығы – халықаралық экономист.
Фото: gov.kz
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.