English version

Арман Жұмагелдиевке сот шешімі шықты

Контекст дня — 6 апреля 2023 16:50
0 -1

«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі ұзарды. Бұл туралы Алматыдағы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz.

– 6 сәуірде сот қаулысымен соталды тергеу органының өтінішхаты қанағаттандырылды және Д-ға қатысты қылмыстық іс материалдарын қарау кезінде қамауда ұстау мерзімін бір айға дейін, яғни 2023 жылғы 7 маусымға дейін ұзартуға санкция берілді, – деп жазылған сот хабарламасында.

2022 жылғы 7 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Алматыда Дикий Арманның ұсталғанын мәлімдеді. Арман Жұмагелдиевпен бірге оның тобына қатысы бар деген бес адам ұсталды.

Айта кетейік, Бас прокуратура Арман Жұмагелдиев шеру кезінде адам ұрлады деп мәлімдеді.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.