English version

Арман Жұмагелдиевтің соты жабық режимде өтеді

Контекст дня — 21 сентября 2023 17:10
0 -1

«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің соты жабық режимде өтеді.

Бүгін судья Асхат Әшірбеков жәбірленушілердің сот барысында жариялылықты шектеу туралы өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

15 қыркүйекте Жұмагелдиевтің ісі бойынша алдын ала тыңдаудың екінші күні 10 жәбірленуші сот процесін жабық режимде өткізу туралы өтініш берген болатын.

– Арман Жұмагелдиев қылмыстық ортадан шыққан адам болғандықтан, мен өз өмірім үшін және отбасымның қауіпсіздігі үшін қорқамын, – деді жәбірленушілердің бірі.

Коллаж: SMI24kz


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.