Армения ҰҚШҰ-ға мүшелігін уақытша тоқтатты
Армения премьер-министрі Никол Пашинян France 24 телеарнасына сұхбат беріп, елдің Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт (ҰҚШҰ) ұйымындағы мүшелігін уақытша тоқтатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
– Біздің пайымдауымызша, ұжымдық қауіпсіздік шарты Армениямен байланысты мәселелерде орындалған жоқ. Әсіресе, 2021-2022 жылдары болған жайт біздің назарымыздан тыс қалмады. Біз аталмыш шартқа мүшелігімізді тоқтатып қойдық. Әрі қарай не болатынын көрейік, – деді Пашинян.
Айта кетейік, тараптар 2010 жылы шарттың қолданылу мерзімін 2044 жылға дейін ұзартқан еді.
Фото: РБК
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.