Армения Әзербайжанмен болған қақтығысқа байланысты ҰҚШҰ-дан көмек сұрады
Армения ҰҚШҰ мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінен ресми түрде көмек сұрады.
Арменияның Қауіпсіздік Кеңесінде Әзербайжанмен қақтығыс төңірегіндегі жағдай талқыланды. Нәтижесінде көмек сұрау туралы шешім қабылданды.
– Арменияның егеменді аумағына қатысты агрессияға байланысты достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттың ережелерін іске асыру мақсатында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымына және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне ресми жүгіну туралы шешім қабылданды, – делінген ел Үкіметінің хабарламасында.
Айта кетейік, ҰҚШҰ ұйымының құрамында Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан бар.
Фото: Газета.ру
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.