English version

«Арнайы келдім»: Тоқаев Рудныйдағы құбыр жарылған орынға барды

Контекст дня — 21 января 2023 16:10
0 -1

Мемлекет басшысы Қостанай облысына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар өндіріс кәсіпорындары мен әлеуметтік нысандарды аралап көрді, деп хабарлайды Exclusive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында, ең алдымен, Рудныйдағы жылу құбырындағы жарылыс салдарымен танысып, өңір басшылығының қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндамасын тыңдады.

– Жалпы, еліміз бойынша да, осы облыста да жылу құбырлары апатты жағдайда тұр. Жағдай өте ауыр. Үкіметке бүгіннен бастап, әсіресе көктем және жаз айларында қысқы жылыту маусымына мұқият дайындалуды тапсырамын. Бұл – атқаратын басты міндет, себебі мұны созбалаңға салуға болмайды. Желілердің тозу деңгейі өте жоғары, 70, 80, кейбір жерлерде тіпті 90 пайызға дейін жетеді. Осы жұмыстармен айналысу қажет, – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы қала тұрғындарымен кездесу барысында азаматтардың өміріне қауіп төндіруге болмайтынын мәлімдеді.

– Құбырдың жарылғаны туралы хабарды тексеру үшін арнайы келдім. Жаңа ғана Үкіметке, облыс пен қала әкімдеріне осы мәселемен айналысуды тапсырдым, – деді президент.

Мемлекет басшысы Үкіметке Рудныйдың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне ерекше назар аударуды тапсырды.

Фото: Ақорда

Изображение 1 для «Арнайы келдім»: Тоқаев Рудныйдағы құбыр жарылған орынға барды
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.