«АрселорМиттал Теміртау» басшылығы Тоқаевтың сынына жауап берді
Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін «АрселорМиттал» компаниясының барлық кәсіпорындарында қауіпсіздік аудиті өткізіледі.
Бұл туралы Қарағандыдағы баспасөз мәслихатында компанияның атқарушы вице-президенті Виджай Гоял мәлімдеді.
– Үшінші тармақ сыртқы бағалауға қатысты. Бұл туралы президент Тоқаев айтты және біз жұмыс жоспарын айқындадық. Шахталарда болып жатқан барлық процедураларды және оларды қауіпсіздік мақсатында қалай пайдалану керектігін қайта қарайтын тәуелсіз сарапшылар қатысады. 1 миллиард долларлық инвестиция қазірдің өзінде оң өзгерістер әкелуде, – деді Гоял.
Инвестициялардың негізгі бағыттары: жабдықтардың қауіпсіздігі және және оларды жаңғырту.
Виджай Гоял қаза тапқан және зардап шеккен кеншілердің отбасыларынан кешірім сұрап, компания нысандарындағы қауіпсіздікті жақсартуға уәде берді.
Фото: ашық дереккөз

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.