English version

«АрселорМиттал Теміртау» кенішінен жұмысшының мәйіті табылды

Контекст дня — 6 ноября 2022 17:10
0 -1

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Казахстанская» кенішінде жұмысшының мәйіті табылды. Қаралы хабарды «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның баспасөз қызметі жеткізді.

Қайғылы оқиғаға байланысты Ішкі істер органдары тергеу жүргізіп жатыр.

– 2022 жылғы 6 қарашада «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Казахстанская» шахтасының аумағында Көмір департаменті бөлімшелерінің бірінде жұмыс істеген қызметкердің мәйіті табылды. Оқиға кезінде қызметкер кезекшілікте болмаған, — деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 3 қараша күні Қарағанды ​​облысының Шахтинск қаласында «АрселорМиттал Теміртау» шахталарының бірінде 5 жұмысшы қаза тапты.

Фото: ашық дереккөз

Изображение 1 для «АрселорМиттал Теміртау» кенішінен жұмысшының мәйіті табылды

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.