Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты журналистерге шағымданды
Қазақстан Ұлттық музейінің экс-басшысы, бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты Әйгерім Әнуарбек БАҚ тарапынан өзінің қорғаушысына қарсы буллинг туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Алтын адамның әлем мұражайлары арқылы шеруі халықаралық көрмесін өткізу кезінде бөлінген бюджет ақшасын ұрлау туралы атышулы іс бойынша сот процесі онлайн режимде өткізіледі.
Адвокаттың айтуынша, тергеу органдарының қызметкерлері журналистердің атын жамылып соттағы ақпаратты Мұхамедиұлға қарсы пайдаланып жатыр.
Айта кетейік, прокурор 2020 жылдың наурыз айында Үндістанда өткен «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» жобасы аясында бір топ адам 221 млн теңге ұрлады деген айып тақты.
Арыстанбек Мұхамедиұлы былтыр 29 мамыр күні бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды.
Коллаж: azattyq ruhy



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.