Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша тың деректер айтылды
ҚР Ұлттық музейінің бұрынғы басшысы, ҚР Мәдениет және спорт экс-министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты қылмыстық іс Астанадағы Байқоңыр ауданының №2 сотында қаралады, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы 2023 жылдың 17 сәуірінде сағат 10:00-ге белгіленген. Сот ашық режимде өтеді.
– Байқоңыр аудандық №2 соты бюджет қаражатын талан-таражға салу айыбы тағылған А. Мұхамедиұлы, А. Нұразхан, А. Көшенов және А. Садуақасованы айыптау бойынша қылмыстық істі өндіріске алды. Аталған қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы ашық сот отырысында 2023 жылғы 17 сәуір күні сағат 10:00-ге белгіленген, – деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 2022 жылы 29 мамырда Арыстан Мұхамедиұлы қамауға алынды. Оған қатысты халықаралық көрмелерді өткізуге бөлінген 140 млн теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдік бойынша қамауға алуға санкция берілді.
Фото: matritsa.kz



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.