Ya Metrika Fast


English version

Арыстанбек Мұхамедиұлының ісіне қатысты тың мәліметтер жария етілді

Контекст дня — 10 января 2024 17:30
0
Изображение 1 для Арыстанбек Мұхамедиұлының ісіне қатысты тың мәліметтер жария етілді

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі, Ұлттық музейдің бұрынғы басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлының ісіне қатысты қосымша эпизодтар белгілі болды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Арман Тілеукенов айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

– Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты қазір басқа қосымша эпизодтар бар. Олар да бюджет қаражатын ірі көлемде жымқыру және жоғары шеберліктегі спорт мектебін заңсыз жекешелендіруге қатысты істер. Бұдан бөлек, қонақ үйді рейдерлік жолмен басып алу, пара беруге тырысу сияқты іс тағы бар. Аталған фактілерге қатысты істердің барлығы соттың қарауында, – деді Тілеукенов.


Айта кетейік, Арыстанбек Мұхамедиұлы сот үкімімен 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот шешімімен Арыстанбек Мұхамедиұлы мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.