Қаржы министрі Жамаубаев әйелдердің зейнет жасы қашан төмендейтінін айтты

Қазақстан Қаржы министрлігі зейнетақы жасын төмендету мәселесін қарастырып жатқан жоқ. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.
– Кез келген өзгеріс терең есептеулер мен мазмұнды талқылауды қажет етеді. Ұсыныс әлі болған жоқ. Талқылау болған жоқ, – деді министр Ерұлан Жамаубаев.
Бұған дейін Еңбек министрі Тамара Дүйсенова әйелдердің зейнет жасын төмендету мәселесі үкімет мүшелерімен және қаржы блогымен талқыланып жатқанын айтқан. Айта кетейік, қазір Қазақстанда әйелдер зейнетке 60,5 жасында шығады. 2027 жылға қарай зейнетақы жасы 63 жасқа дейін артады. Бұған дейін Сенат әйелдердің зейнет жасын 58 жасқа төмендетуді ұсынған еді. Депутат Дана Нұржігіттің пікірінше, егер азаматтар 60-63 жасқа дейін жұмыс істейтін болса, онда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі артады. Тағы бір себеп – елдегі орташа өмір сүру ұзақтығының 70 жасқа дейін төмендеуі. Оған коронавирустық пандемиядан болатын өлім әсер еткен.
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.