English version

«Асқан қатыгездікпен кісі өлтіру»: Бишімбаев қандай жаза арқалайды?

Контекст дня — 30 ноября 2023 16:50
0 -1

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев экс-министр Бишімбаевтың ісі «асқан қатыгездікпен кісі өлтіру» айыбы бойынша тергеліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деген күдікке ілінген Қуандық Бишімбаев 99-баптың 2-тармағы бойынша («Аса қатыгездікпен адам өлтіру») 15-20 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.

Өмірәлиев Бишімбаевтың туысы да «қылмысты жасырды», «полицияға хабарламады» деген күдікпен тергеу изоляторына қамалғанын хабарлады.

Айта кетейік, 9 қараша күні Астанадағы мейрамханалардың бірінде бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова ауыр соққыдан қаза тапты.

Фото: Турар Казангапов


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.