«AsiaCredit Bank» мүлкін ұрлауға қатысты тергеу басталды
Қаржылық мониторинг агенттігі «AsiaCredit Bank» қатысты БАҚ-тан келіп түскен сауалдарға жауап берді.
– ҚМА Алматы қ. бойынша департаменті «AsiaCredit Bank» АҚ-ның мүлкін ұрлау дерегіне қатысты ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, департаментпен ҚР ҚПК 24-бабының талаптарын орындауға бағытталған тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқаны айтылды.
ҚР КПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.
Фото: ашық дереккөз
Комментариев пока нет