English version

Астанаға келген Лукашенко Назарбаевпен кездесті

Контекст дня — 15 октября 2022 14:10
0 -1

Беларусь президенті Астанаға сапары барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа қонаққа келді. Кездесу туралы «Пул первого» телеграм-арнасы бейнежазба жариялады.

Александр Лукашенко мен Нұрсұлтан Назарбаев кездесу кезінде бір-бірін құшақтап, кейін әңгімелесті.

Қоштасу кезінде Нұрсұлтан Назарбаев Лукашенкоға сыйлық сыйлады. Қораптан Лукашенко мен Назарбаевтың бірге түскен фотосуреттері бар фотоальбомды және қазақстандық шоколад байқалады.

14 қазанда елордада ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан, Тәжікстан және Өзбекстан басшылары қатысты.

Сонымен қатар 14 қазанда Астанада «Орталық Азия – Ресей» саммиті өтті.


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.