English version

Астана аспанын қою түтін басты

Контекст дня — 19 июня 2023 18:00
0 -1

Денсаулық сақтау басқармасы елорда тұрғындарын қалың түтінге байланысты көшеге шықпауға шақырды, деп хабарлайды Exclusive.kz.

– Қорғалжын тас жолы мен Қосшы қаласында түтін мен күйік иісі байқалады. Осыған байланысты қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарды көшеге қажетсіз жағдайда шықпауға, терезелерді жабуға, көшеде бетперде киюге шақырады. Бұл ұсыныстар ең алдымен тыныс алу органдарының аурулары бар адамдарға қатысты, – деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Айта кетейік, Астананың шетінде 15 гектар аумақта құрғақ шөп жанып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өртті сөндіру екпіні қатты желдің салдарынан қиындаған.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.