Астана атауы қайтарылып, президент мерзімі жеті жылға созылады
Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Депутаттар Конституцияға енгізілетін түзетулер мен толықтыруларды қарастырды. Парламент президент мерзімін жеті жылға созуды және Астана атауын қайтаруды мақұлдады.
Парламент Конституцияға енгізілетін бірқатар өзгерістерді, президент мерзімін жеті жылға созуды, Астана атауын қайтаруды және конституциялық сот судьяларының өкілет мерзімін 8 жылға ұлғайтуды мақұлдады. Түзетулер президенттің қол қоюына жіберіледі.
Әділет министрі Қанат Мусин Конституцияның бес бабына түзетулер енгізетін ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын ұсынды. Осылайша Қазақстандағы президенттік мерзім бес жылдан жеті жылға дейін ұлғаяды, ал сайлану құқығы бір мерзімге дейін қысқарады.
Қанат Мусин президенттің өкілеттік мерзімі мен қайта сайлауға қатысты конституция енді өзгертілмейтінін айтты.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.