Астана көшелерін су басқанына кім кінәлі?
Астана жолдарын су басқаннан кейін Elorda ecosystem директоры Тимур Хаданов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Exclusive.kz.
– Қаланың нөсерлі кәріз жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі және салдарынан кейбір учаскелерді су басқаны үшін Elorda eco system директоры Тимур Шоданов қызметінен босатылды, – деп хабарлады Астана әкімдігі.
Еске салайық, жексенбі, 6 тамызда елордада бұршақпен бірге нөсер жаңбыр жауып, салдарынан Астана көшелерін су басты.
ТЖМ Telegram-дағы парақшасында жауын-шашынның көп түсуіне байланысты Б.Момышұлы даңғылы Мен Қошқарбаев даңғылынан Тоқпанов көшесіне дейінгі жол бөлігін су басқанын мәлімдеді.
Фото: t.me/chatastanacity
Поделиться публикацией



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.