Астана әкімі тәжік көрмесіндегі жағдай туралы пікір білдірді
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Тәжікстанның ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп өнімдері, халық қолөнері және ұлттық тағамдары көрме-жәрмеңкесіндегі жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Әкімнің айтуынша, жәрмеңкеде вандализм әрекеттері байқалған. Құқық бұзушылар жауапқа тартылады.
– Өткен демалыста EXPO алаңында Тәжікстанның мәдениет күндері аясында ауыл шаруашылығына, өнеркәсіп өнімдеріне және ұлттық қолөнеріне арналған көрме-жәрмеңке өтті. Жәрмеңкеде 1000 тоннадан астам өнім сатылды. Кейбір азаматтар шатырларды, сөрелерді, декорацияларды сындырған. Қоғамдық тәртіп те бұзылды. Бұл — мәдениеттің төменділігінің, адам еңбегін құрметтемеудің белгісі. Мемлекет басшысы елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Астана көшелерінде вандализм мен құқық бұзушылықтардың жиілеп кеткен жағдайларын болдырмау жөнінде тиімді шаралар қабылдау қажеттігін атап өткен болатын. Полицияға вандализм әрекеттерін жасаған және қоғамдық тәртіпті бұзған адамдарды анықтау жұмысы тапсырылды. Құқық бұзушылар жауапқа тартылады, – дейді Жеңіс Қасымбек.
Коллаж: qaz365kz



Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.