English version

«Астана LRT» жобасының бағыты белгілі болды

Контекст дня — 29 июля 2023 16:00
0 -1

«Астана LRT» жобасының бағыты анықталды. Жобада 18 станция мен 19 пойыз болады. Бұл туралы елорда әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Пойыздардың бағыты халықаралық әуежайдан басталып жаңа «Нұрлы жол» вокзалына дейін қатынайды. Көліктің жүру кестесі сынақ кезеңінде нақтыланады.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қазір LRT-ның алғашқы іске қосу кешенінің құрылысы жүргізіліп жатқанын айтты. Құрылыс жұмыстарын қаржаттың бөлінуіне қарай 2 жыл ішінде аяқтау жоспарланған.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.