English version

Астанада Қайрат Сатыбалдыұлының ісі бойынша сот басталды

Контекст дня — 19 сентября 2022 17:30
0 -1

Астанада Қайрат Сатыбалдыұлының ісі бойынша сот басталды.

Іс Астана қаласының Байқоңыр ауданының № 2 сотында қаралып жатыр. Қалалық соттың баспасөз қызметінің tengrinews.kz берген жауабында Қайрат Сатыбалдыұлы бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу баптары бойынша қылмыс жасады деген айыпқа іліккен.

Тамыз айының соңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да тұлғаларға қатысты «Қазақтелеком» АҚ және «Көліктік сервис орталығы» АҚ қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ресми мәліметтерге сәйкес, тағы үш күдіктіге іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында заңсыз активтер жалпы сомасы 500 миллион доллардан астам қаржы мемлекетке қайтарылды.

Сондай-ақ, Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты салық және кедендік төлемдерді төлеуден жалтару, қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша қосымша қылмыстық істер тергелуде.


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.