Астанада II Елизавета атындағы саябақ ашылады
2022 жылдың қыркүйегінде ҚР Сыртқы істер министрлігі Астанада Ұлыбритания патшайымы Елизавета II атындағы саябақ ашылатыны туралы хабарлаған еді. Саябақтың қай уақытта ашылатыны белгілі болды, деп хабарлайды Exclusive.kz.
2023 жылғы 17-18 наурызда Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Сыртқы істер, достастық және даму министрі Джеймс Клеверлидің Қазақстанға сапары өтеді.
Астанада Дж. Клеверли Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың қабылдауларында болады, сонымен қатар Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшылығымен келіссөздер ұйымдастырылады.
– Сапар аясында Астана саябақтарының бірінде II Елизавета атындағы сквердің ашылуы көзделуде, – деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Астанада өткен брифингте.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.