English version

Астанада мектеп директоры оқушылардың наразылығынан кейін қызметінен босатылды

Контекст дня — 30 мая 2023 18:10
0 -1

Елордада №49 мектептің 10 сынып оқушылары мектеп директорына шағым түсіріп, бейнежазба жариялады. Оқушылардың үндеуі қоғамда қызу талқыға түскен, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Оқушылардың бейнеүндеуінен кейін мектеп директоры қызметінен босатылған. Астана қаласының білім басқармасы №49 орта мектептегі жағдай туралы мәлімдеме жасады.

– Аталған мектеп директорына қатысты қызметтік тергеу жүргізу үшін басқарманың 26 мамырдағы №1098 бұйрығына сәйкес жұмыс тобы құрылды. 26 мамырда жұмыс тобының қорытындысы бойынша мектеп директорының іс-әрекеті тәртіптік комиссияның отырысында қаралды. Бүгінде №49 орта мектептің директоры білім басқармасының 29 мамырдағы №1113 бұйрығымен жұмыстан шығарылған, – деп жазылған хабарламада.

Фото: скриншот


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.