Астанада өткен Шораевтың соты тағы да кейінге шегерілді

Қазақстан «Халық» партиясы қоғам қайраткері Арман Шораевты сотқа берді. Бұл туралы Шораев әлеуметтік желідегі парақшасында жазған еді. Бүгін елордада өткен сот 14 наурызға шегерілді, деп хабарлайды Exclusive.kz.
– Сот кезегі үшке дейін. Қоғамдық мәселеге бейжай қарамай, жұмыс күнінде сот залына келген әрбір жанашырға ризамын! Нұркеңмен соттасудың сәті тағы да шегерілді. Сотты 1045 рет жылжытса да таң қалмаймын, бізде бәрі мүмкін. Бастысы осындай сәтте қоғамның, Сіз бен біздің сағымыз сынбасын, өзгеріске солай келеміз. Жанымнан табылған жақсылар, алтын уақыттарыңызға рахмет! – деп жазды Шораев.
Нұрия Балтабайқызы жеке басы мен партиясы туралы жалған ақпараттар таратты деп сотқа шағымданған. Айта кетейік, шағым сотта дәлелденсе Арман Шораевты депутаттыққа кандидат ретінде тіркеу туралы шешімнің күші жойылады.
Фото: facebook/shorayev
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.