English version

Қастерлі Тәуелсіздігімізді қорғау үшін бәріне дайынбыз – Тоқаев

Контекст дня — 7 ноября 2022 14:50
0 -1

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келіп, Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесті.

Аталған жиында Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі күрделі геосаяси ахуал туралы пікір білдірді.

– Біз күрделі геосаяси ахуалға қарамастан, сындарлы дипломатияның арқасында қауіпсіздікті қамтамасыз етіп отырмыз. Қазақстанның шекарасы заң жүзінде бекітіліп, делимитация жасалды. Жалпы, осы Ақтауда еліміздің шекара мәселесінің ең соңғы түйіні шешілді. 2018 жылы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция осында қабылданды. Біз көрші елдердің бәрімен достық қарым-қатынасты сақтап келеміз. Басқа мемлекеттерден бір ерекшелігіміз – осы. Ал, посткеңестік елдердің басым көпшілігінде түрлі дау-дамайлар мен келіспеушіліктер бар. Тіпті, ең жақын көрші елдердің шекарасында соғыс, қарулы қақтығыс болып жатыр, – деді президент.

Мемлекет басшысы жалған ақпарат тарату мен кибершабуылдар туралы да сөз қозғады.

– Соңғы бірер айда еліміздің мемлекеттік ақпараттық жүйелеріне кибершабуыл жасала бастады. Мұндай әрекеттер, әсіресе, қазіргі науқан кезінде көп болды. Біз бұған жол бермейміз, жалған ақпараттың таратылуына тыйым саламыз. Біз қастерлі Тәуелсіздігімізді қорғау үшін бәріне дайынбыз. Мен бұған дейін «Ұлттық мүддені аспен де, таспен де қорғаймыз» деген едім. Бұл қағидатымыз ешқашан өзгермейді. Елдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікке айналамыздағы геосаяси ахуалдан бөлек, өз ішіміздегі ахуал да айрықша әсер етеді. Елге іріткі салып, алауыздық туғызатындар өз ішімізде де, сыртта да бар. Әр нәрсеге немқұрайлы қарап, жайбарақат жүруге болмайды, – деді Тоқаев.

Фото: Борт 1

Изображение 1 для Қастерлі Тәуелсіздігімізді қорғау үшін бәріне дайынбыз – Тоқаев
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.