Ата-бабадан қалған жерді ешкімге бермейміз – Жапаров
Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығысқа қатысты түсініктеме берді.
– Біз ата-бабаларымыздан мұраға қалған жердің бір шаршы метрін де ешкімге бермейміз! Біз ұлттық мүдделерімізді қорғау жолында нық тұрамыз, – деді Жапаров.
Қазір Қырғыз Республикасының Баткен облысында төтенше жағдай режимі жарияланғаны белгілі. Өңірден 130 мыңнан астам адам эвакуацияланған.
Бүгін таңертең Тәжікстан ҰҚК Шекара қызметі шекарадағы салыстырмалы тұрақтылықты жариялады. Сондай-ақ, қырғыз тарапынан атысты тоқтату туралы келісімнің талаптары бұзылғанын хабарлады.
Фото ашық деректерден
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.