Ауғанстанда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны екі мыңға жетті
7 қазан күні Ауғанстанның солтүстік-батысындағы Герат провинциясының жанында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
4,6 және 6,3 баллға жеткен жер сілкінісі екі мыңнан астам адамның өмірін қиды. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, шамамен алты ауыл толығымен қираған.
Құтқарушылар құрбан болғандардың саны бұл есептен көп болуы мүмкін екенін айтады. Өйткені марқұмдар үйінділердің астында қалған.
Фото: АР
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.