English version

Аурухана салуға арналған қаражатты ұрлаған азамат Қазақстанға экстрадицияланды

Контекст дня — 21 сентября 2023 18:10
0 -1

Бас прокуратура Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Түркия Республикасынан қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол құрылыс компанияларына тиесілі 1 млрд теңгеге жуық, соның ішінде аурухана салуға арналған қаражатты ұрлады деген күдікке ілінген.

Күдікті 2014 жылдан бері халықаралық іздеуде болғаны айтылды. Қазіргі кезде ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалды.

– Аталған қылмыстық құқық бұзушылық үшін мүлікті тәркілей отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – деді Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.