Ауыр жарақатынан айыққан боксшы қазақ халқына үндеу жасады
Операциядан кейін АҚШ-та емделіп жатқан қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы ауруханадан шығып, қазақстандықтарға үндеу жолдады.
Қазақстандық спортшы өзінің бейне жолдауында қолдау көрсеткен барлық отандастарына алғыс айтты.
– Ассалаумағалейкүм қазақ елі! Аман-саумыз, ауруханадан емделіп шықтық. Бокс нағыз ер-азаматтардың спорты болғандықтан, мұндай жағдайдал болып тұрады. Әлі талай жеңістерге жетеміз, – деді боксшы.
Еске салайық, 6 қараша күні Лас-Вегаста Айдос Ербосынұлы кубалық Дэвид Моррелден жеңіліп, ауыр жарақат алды. Американың Миннеаполис қаласындағы ауруханалардың бірінде Айдос Ербосынұлына шұғыл операция жасалды.
Фото: ашық дереккөз

Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.