Аяқ киімі жоқ, тойып тамақтанбайтын қазақстандықтардың үлесі қанша? - Exclusive
Поддержать

Аяқ киімі жоқ, тойып тамақтанбайтын қазақстандықтардың үлесі қанша?

12 ай ішінде жоқшылық көрген қазақстандықтардың үлесі айтарлықтай азайды, дегенмен көрсеткіштер әлі де жоғары. ҚР СЖжРА ҰСБ жыл сайынғы зерттеуіне қатысқан респонденттердің арасында қаражаттың жетіспеуінен ескі жиҺазды ауыстыруға мүмкіндігі болмағандардың үлесі 2021 жылғы 27,4%-дан 2022 жылы 20,3%-ға дейін қысқарды.

Ranking.kz мәліметінше, қаржылық мәселелерге байланысты қолайлы қысқы және жазғы екі аяқ киім (15,3%-дан 11,3%-ға дейін) алуға, сондай-ақ айына кемінде бір рет достарымен немесе туыстарымен үстел басында бірге уақыт өткізуге мүмкіндігі жоқ (8,4%-дан 6,3%-ға дейін) қазақстандықтардың үлесі азайды.

– Қаржылық жағдайларға байланысты екі күн сайын балық, ет немесе тауық етімен ыстық тамақ немесе балама вегетариандық тамақ жеуге мүмкіндігі жоқ респонденттердің үлесі 7%-дан 7,9%-ға дейін өсті. Тозған аяқ киім мен киімді жаңасына ауыстыруға мүмкіндігі жоқ адамдардың үлесі 5%-дан 5,2%-ға дейін өсті, – деп хабарлады сарапшылар.

Ресми мәліметтерге сәйкес, қалаларда қаражаттың жетіспеушілігінен жоқшылыққа ұшыраған халықтың үлесі ауылдарға қарағанда көп.

Қала тұрғындарының 20,9%-ы, ауыл тұрғындарының 19,4%-ы қажеттілігіне қарай тозған жиһазды алмастыра алмайды. Қала тұрғындарының 11,7%-ында және ауыл тұрғындарының тек 10,7%-ында кем дегенде екі қолайлы қысқы және жазғы аяқ киім жоқ, ал ауыл тұрғындарының 4,7%-ына қарағанда, қалалықтардың 5,6%-ы тозған аяқ киім мен киімді жаңасына ауыстыра алмайды. Сонымен қатар, қала тұрғындарының 6,8%-ында және ауыл тұрғындарының 5,2%-ында айына кемінде бір рет достарымен немесе отбасымен үстел басында кездесу мүмкіндігі жоқ.

Екі күн сайын ыстық тағаммен тамақтануға мүмкіндігі жоқ қала тұрғындарының үлесі осындай жоқшылыққа тап болған ауыл тұрғындарына қарағанда аз: тиісінше 7,6% және 8,4%.

Гендерлік тұрғыдан алғанда, әйелдер ерлерге қарағанда қаражаттың жетіспеушілігінен жоқшылық көреді. Ескі жиҺазды алмастыра алмайтындар арасында ең үлкен алшақтық байқалады: ерлердің 17,9%-ы және әйелдердің 22%-ы.

Әйелдердің 12,3%-ының және ерлердің 10%-ының қолайлы қысқы және жазғы екі аяқ киім алуға, әйелдердің 8,7%-ының және ерлердің 6,7%-ының ыстық тағамдармен тамақтануға, әйелдердің 6,9%-ының және ерлердің 5,4%-ының айына кемінде бір рет достарымен немесе отбасымен бірге түскі ас ішу үшін кездесуге, әйелдердің 5,7%-ының және ерлердің 5,4%-ының тозған аяқ киім мен киімді жаңасына ауыстыруға мүмкіндігі жоқ.

Қазақстандықтардың 6,1%-ы үйде жылуды жеткілікті деңгейде ұстап, жылуға төлеуге мүмкіндігі жоқ. Қалалық жерлерде мұндай респонденттер 6,2%, ал ауылда 6% болды. Ал гендерлік бөліністе әйелдердің 6,6%-ы және ерлердің 5,4%-ы осындай жоқшылыққа тап болды.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *