Ya Metrika Fast


English version

ҚазҰУ студенттеріне қатысты жанжал неден туындады?

Контекст дня — 14 февраля 2024 17:50
0
Изображение 1 для ҚазҰУ студенттеріне қатысты жанжал неден туындады?

ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Жәмилә Айтжанова студенттердің жеке деректерінің тарап кетуіне қатысты пікір білдіріп, университет келісім-шарт негізінде медициналық қызмет көрсеткен Smart Health University City ЖШС-мен келісім-шартты бұзуға ниетті екенін жеткізді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

6 ақпан күні Smart Health University City ЖШС медбикесі мессенджер арқылы студенттердің флюорографиялық зерттеуден өтуін қамтамасыз ету үшін деканат маманына үшінші және төртінші курс студенттерінің тізімі бар Excell форматындағы құжаттарды жібереді.


Алайда, құжаттарда студенттердің аты-жөнінен бөлек, жеке деректері де болған. Кейін бұл мәліметтер көпшілікке тарап кетті.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.