«Қазақ деген ұлт болмаған»: СІМ ресейлік тарихшының мәлімдемесіне жауап берді
Сенаттың жалпы отырысынан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары Назира Нұрбаева «Қазақ деген ұлт болмаған» деп пікір білдірген ресейлік тарихшы Михаил Смолиннің сөзіне мән бермеуге шақырды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
Ресей тарихшысы Михаил Смолин 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін қазақ пен өзбек деген ұлт болмаған» деп мәлімдеме жасады. Бұған Сыртқы істер министрлігі түсінік бере ала ма? Себебі, Өзбекстан тарапы бұған жауап берді. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі реакция білдірмеді. Бұл адамды қара тізімге енгізетін шығармыз?» деп сұрақ қойды тілшілер.
– Қоғамда кейбір жеке тұлғалар өткенге және Қазақстан тарихына қатысты түрлі пікір айтады. Менің ойымша, жеке тұлғалардың пікіріне пікір берудің керегі жоқ. Оның заң және практика тұрғысынан да мәні жоқ. Сондықтан басқа сұрақтарыңыз болса, аптаның әр дүйсенбісінде Сыртқы істер министрлігіне өтетін баспасөз мәслихатына шақырамыз. Мұнда осындай сұрақтар қойылады. Мен сұрағыңызға жауап бердім, – деп жауап берді министрдің орынбасары Нұрбаева.
Еске салайық, ресейлік тарихшы «РСФСР құрамында Қазақ ССР-і пайда болған. Демек, ешқандай қазақ деген ұлт болмаған» деген еді.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.