English version

Қазақ елінің идеологиялық ақпарат кеңістігіне зор қауіп төніп тұр – Құсайынов

Контекст дня — 2 февраля 2023 16:50
0

Құрметті қазақ елі! Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан Республикасының 2011 жылы 11 қазанында қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының кіріспесінде:
«Осы Заң Қазақстан Республикасының өзін демократиялық, зайырлы мемлекет ретiнде орнықтыратынын, әркiмнiң ар-ождан бостандығы құқығын растайтынын, әркiмнiң дiни нанымына қарамастан тең құқылы болуына кепілдік беретінін, ханафи бағытындағы исламның және православиелік христиандықтың халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлін таниды делінген.

Бұдан шығатын қорытынды Қазақстанда қос діннің рөлі ерекше – ислам дінінің ханафи мазхабы және православиелік христиандық. Екі дін өкілдерінің рухани, идеологиялық орталығы Қазақстанда емес, шет елдерде орналасқан. Атап айтқанда Исламдағы ханафи мазхабы – Ауғанстан, Пәкістан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркия сияқты елдерде ресми құқықтық мектеп ретінде танылса, ал православие дін өкілдері тікелей Ресейге қарайды.

Демек, осы Заңның өзіне мұқият зер салсақ, ресми билік шет ел мемлекеттерінің
ықпалын еріксіз мойындап отырған сияқты боп көрінеді. Менің ойымша, қазақ елінің идеологиялық ақпарат кеңістігіне дәл қазіргі кезеңде үлкен зор қауіп төніп тұр.

Одан басқа Ресейдің Украинаға қарсы озбыр һәм зұлым саясатын Қазақстан правосоав шіркеуі тікелей бағынатын РПЦ мен Ресей мұсылмандар діни басқармасы толықтай қолдады.

Қазақстандағы православие туралы айта кетсек, Қазақстанда орналасқан православ шіркеуі Орыс Православ Шіркеуінің (орысша Русская Православная Церковь, қысқаша – РПЦ) митрополиялық округі саналып, Қазақстандық митрополиялық округ (орысша Казахстанский митрополичий округ) деп аталады.
Сөйтіп, біздегі православ шіркеуі Мәскеу Патриархатына кіреді
(орысша Московский Патриархат).

Мысалы, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Тәжікстандағы православиелік шіркеулер Мәскеу Патриархатының Ортаазиялық митрополиялық округіне қарайды.
(орысша Среднеазиатский митрополичий округ).
Яғни бұл жерде әлі де КСРО кезінен қалған «Қазақстан және Орта Азия» (Казахстан и Средняя Азия) деген ескірген түсінік бар. Айтқым келгені, біздің территория рухани, идеологиялық тұрғыдан Мәскеуге бағынатын бір аймақ ретінде қарастырылады.

Бүгін сол біздегі митрополиялық округінің митрополиті Александр- азат Украинаға қарсы соғысқа ашық үндеу жасаған РПЦ патриархы Кириллді тағында отырғанының (интронизация) бір жылдығымен құттықтапты.

Сол құттықтауында Қазақстанда тұратын православ христиандарды «… Ваша казахстанская паства…» депті, яғни бұл сөзтіркес «Сіздің қазақстандық жамағатыңыз» дегенге келеді, бірақ нақты айта кетсек, «паства» деген сөз орысша өрісте жайылған малдарды (көбінесе қойларды) білдіреді, яғни аталмыш терминді сөзбе-сөз аударсақ,шіркеудің түсінігінше шіркеу басшысы, бұл, орысша айтқанда – «пастырь, пастор», яғни қазақша «мал бағушы, бақташы» деген сөз…

Сондықтан да алдағы мәжіліс
сайлауында депутаттық мандатқа ие болсам, заңды-құқықтық негізде Қазақстан Православие Шіркеуінің тез арада азат Украина секілді Ресейден тәуелсіз,
яғни автокефалия алуына бар күш-жүгерімді саламын!

Айта кетейік, Тұрарбек Құсайынов 19 наурыз күні өтетін Мәжіліс сайлауына қатысады.

Тұрарбек Құсайынов

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.