Қазақ министрлері мен әкімдері неліктен сиқыршылар мен көріпкелдерге сенім білдіреді?
Қоғамда болжамдар мен эзотерикалық қызметтер нарығы 2022-2029 жылдар аралығында орташа жылдық қарқынмен 11.5%-ға өседі деген пікірлер қалыптасуда. «АҚШ-та мұндай үрдіс ел ішінде 3,2 млрд АҚШ долларына бағаланып отыр. Ал Оңтүстік-Шығыс Азия болса аймақтағы нарық $36 млрд АҚШ долларын құрайды дейді. Жапонияда болжамдарға маманданған компания тіпті IPO өткізіп те үлгерген, сөйтіп бұқаралық сипатқа ие бола бастады»,– деп жазған-ды медиа-сыншы Қарлығаш Жаманқұлова өзінің әлеуметтік желілердегі парақшасында.
Алғашқы мұра
– Өкінішке орай мұндай статистиканы жариялаған дереккөзге сілтеме жоқ, алайда мен эзотериктерге жүгінген адамдардың қарасы көп деген пікірмен келісемін және олардың саны артуы бек мүмкін. Мұндай үрдіс белгісіздік жағдайы күшейген кезде болады, – дейді аналитикалық психолог, педагогика ғылымдарының кандидаты Айгүл Садықова. – Украинадағы соғыстың қашан аяқталатыны туралы көріпкелдерге қанша өтініш жасалғанын алып қараңыздаршы. Қазақстанда, Назарбаевтың билік құрған кезеңін еске алып көрейікші. «Билік еткен дәуірі қашан аяқталады?», «Одан кейін елімізді не күтіп тұр» тәрізді сұрақтардың туындағаны рас. Осы тұста адамдар көріпкелдерге жүгінген-ді. Қазір жер сілкінісі мәселесі өзекті тақырыпқа айналып отыр, сөйтіп, мәселен, әлеуметтік желілерде әлемде маңызды оқиғаларға болжам жасайтын, «саңырауқұлақтар сенімінің» маманы Александр Савельевке жазылушылардың қарасы көбейе бастады.
Адамзат баласының болжамдар жасауға бейімділігі, оның түп-тамыры тым тереңде, алыста жатыр. Психика, адам денесі тәрізді, мыңдаған жылдар бойы дамып келеді. Сана пайда болған кезде, эзотериканың негізі саналатын сиқырлы ойлау дүниеге келді. Мұндай ойлаудың өнімі адамдарға мазасыздықты жеңуге және табиғаттың белгісіздігі мен оның тылсым күшінен қорқуды «қорытуға» септігін тигізді. Бұл сыртқы ортаға мән беру арқылы болған үрдіс және сәйкесінше адамдарға онымен қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік берді. Осылайша политеизм пайда болды. Белгілі бір элементті басқаратын түрлі құдайларға деген сенім және онымен бірге қарабайыр адамның пікірінше, табиғат күштеріне әсер етудің психикалық жолдары. Мұның бәрі сайып келгенде діни және сиқырлы рәсімдер мен атрибуттарды және қарапайым адам мен құдайлар арасындағы делдалдық әрекеттерді білдіретін-ді.
Ойлау үрдісінің одан әрі дамуы монотеистік діндердің пайда болуына тудырды, алайда қарапайым адамның бақылауынан тыс нәрсені басқаруға болады деген сенім басқа формаларды қабылдау арқылы қала берді. Түрлі белгісіздіктер пайда болған сәтте, болашақ түсініксіз «сұр» аймақ автоматты түрде сиқырлы ойлау процесін таныта бастайды. Мұндай әрекеттер бағдарламалық жасақтаманың істен шығуы тәрізді базалық негізгі жүйені бабына келтіруге әкеліп тынатыны белгілі.
Адамзат әлемі мен «құдайлар» әлемі арасындағы байланыс нышаны болған сиқыршылар мен көріпкелдер – қоғамның бір бөлігі болдған-ды және болып қала береді де.
Бұл жерде әлі де болса балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасқа бейсаналық сілтемелердің әсері бар екені шындық. Ата-ана балалары үшін қауіпсіз орта жасайды. Болашақта не болатынына бас қатырмайды, тамақ, киім және баспана мәселесі – баланың өмірінде өздігінен пайда болады. Ненің дұрыс, ненің дұрыс емес екенін ата-ана шешеді. Яғни, бәрі құдайларда болатын әрекеттер сияқты. Сондықтан сиқырға деген сенімді қалай болғанда да балалық сезім деп атауға әбден болады.
Шынында да, ғылым әлі де болса өмірде кездесетін барлық құбылыстарды түсіндіре алмайды. Әр адамның өзіне тән сиқырлы ойлау деңгейі болады, бірақ олар мұны байқамайды. Бұл ағзадағы көптеген процестерді басқаратын алғашқы бауырымен жорғалаушылардың миы тәрізді. Мәселен, біз «көз тиемесін» деп түкіріп қоямыз не болмаса саусағымызбен ағашты үш рет түртеміз. Бұл бір қарағанда болмашы нәрсе сияқты, бірақ бір сәтте алдымызға қарабайыр адамның елесі пайда болады. Мазасыздық деңгейін төмендету, психикалық гомеостазды теңестіру үшін психика қолындағы ресурсты пайдаланатын болады. Бұл әрине болашақта не нәрсенің күтіп тұрғанын жақсы білсеңіз, «сабаннан жасалған төсенішті» төсеу үшін жасалатын сақтандырудың бір түрі екенін бірден ұғынасыз. Осындай сәтте сыни тұрғыдан ойлау кері шегінетін болады, ал сәуегейлік пен болжам жасау бір сәттік мақсатқа жетелейтін болады, яғни адамға жеңіл тие бастайды.
Эзотерикаға деген сенім – АҚШ-қа немесе Еуропаға қарағанда Азия елдеріне көбірек тән деген пікір қалыптасқан.
– Менің ойымша, мәдени ерекшеліктерді қоспағанда, адамдар барлық жерде де бірдей. Бірде мен Америка қалаларының бірінде болдым, онда мен ғимараттың бірінің есігінде болжам жасауға шақыратын жазуды көрдім.
Көп нәрсе білім деңгейіне байланысты. Білім неғұрлым жоғары болса, көріпкелдерге баруды елестету соғұрлым қиынырақ түседі, өйткені ол әлемнің ғылыми бейнесіне сүйенеді. Бірақ бірнеше диплом иесінің әлем туралы идеялары архаикалық болып қала береді немесе оның жеке басының күші әлемді сол күйінде қабылдауға соншалықты күшті емес. Мұндай адам жауапкершілікті өз мойнына алудан қорқады, ал шешім қабылдаудағы қателік өлімге әкеледі. Адам балгерлер мен көріпкелдерге жүгінген кезде, жауапкершілікті бейсаналық түрде өткізетін «жоғары күштерг» аудара бастайды.
Біздің жоғары лауазымды шенеуніктеріміздің білімдері таяз деп айыптай алмайсың, дейтұрғанмен олар үшін болжам жасаушылардың тұтас бір командасы жұмыс жасайды дейді жалпақ жұрт. Мәселен, ұлттық экономиканың экс-министрі Бишімбаев сот процесінде өзінің құрбаны қайтыс болғанға дейін «жедел жәрдем» шақырудың және оның өмірін сақтап қалудың орнына көріпкелге жүгінгенін мойындады.
– Мәселе мынада, адам билікке неғұрлым көбірек қол созған сайын, оның жауапкершілік пен шиеленіс деңгейі соғұрлым жоғары бола түседі. Біздің шарттарымыз біреу ғана, тез өзгереді. Ертең не болатыны белгісіз, көбіне-көп жаңа тағайындалған бастық өз командасымен келеді. Белгісіздік күйлері күрделі қабылданады. Көріпкелге жиі сайын шенеунік өзінің болашағы үшін жауапкершілікті мойнынан алып тастайды, сөйтіп оны жоғары күшке ауыстырады.
Шамасы, мұндай жағдай сотталушы Бишімбаевтың да басынан өткен сияқты. Оның мінез – құлқы сырттай қарағанда қисынсыз болып көрінеді. Мен бұл сөзден қорықпаймын – ақымақтық. Егер ол үшін ойлау мәселесін маңызды тұрғыдан айтар болсақ, бұл өте күрделі мәселе. Бишімбаев көріпкелдің сөздерін қисынды және орынды дәлел ретінде ұсынып отыр. Эзотерикалық негіздеме мойнынан бар жауапкершілікті алып тастайтын сияқты қабылданады.
– Алайда неліктен Ресей адам миын зерттеу институтының директоры, академик Бехтерев жылдар бойы бұған қатты сеніп келеді? Ғылым мен эзотерика арасында байланыс бар деп ойлайсыз ба?
– Психологтар рухани, эзотерикалық және діни тәжірибені психиканың құбылыстары ретінде қарастырады. Сенімге ешқандай дәлел қажет емес деген иланым бар, оны адам баласы басынан кешіреді. Бұл жерде ғылым мен эзотерика арасындағы байлам, өтпелі көпір болуы мүмкін. Аналитикалық психологияның негізін қалаушы Карл Юнг жылдар бойы Құдай бар ма деген сұраққа болжам жасап келеді, алайда жасы егде тартқан шақта оның бар екенін нақты білемін деп жауап береді. Құдайға деген сенім, оның пікірінше, адамның рухани өмірінің ажырамас бөлігі.
Психоанализ құралдарының бірі– түс көру сюжеттері сияқты психикалық құбылыстың бейнелерімен жұмыс жасау болып табылады. Психологтардың көріпкелдерден айырмашылығы, түс көруді сәуегейлік тұрғысынан емес, психиканың бейсаналық бөлігінен тікелей байланысуға болмайтын хабарлама ретінде қарастырады. Мәселен, егер адамның түсіне цунами кіретін болса, онда адам қандай да бір шекаралық жағдайда тұрғандай қабылданады, оған не болып жатқанын жеңу қиындық келтіреді. Мүмкін қандай да бір қауіп төніп тұрған болар. Мұндай әрекеттердің белгілері психикаға тән. Немесе адам түсінде лифтпен жүріп келеді делік, алайда ол қажетті қабатқа жете алмайды. Бірде қажетті қабаттың батырмасын дұрыс баспайды, бірде лифт бұрыс жүреді. Мұндай жағдайда адамның интуитивті бөлігі бұзылған деп болжам жасауға болады, ол өзін және өзінің қажеттіліктерін «естімейді».
Психологтар мен көріпкелдер арасында маңызды айырмашылық болады. Екеуі де адамға түсті «шешуге» көмектесуге тырысып бағады. Бірақ психологтар үшін адамның өзі бұдан қорытынды шығаруы аса маңызды. Егер психолог мұны адамның белгілі бір түсінен іздеп-тапса, онда өмір сүру оңайырақ және түсінікті болады. Эзотериканың өкілдері бұған дайын жауаптарды ұсынады. Бірақ әр көріпкел өзінің әлем мен мәдени деңгей туралы түсінігіне сүйене отырып, өзіндік болжамын беретінін естен шығармаңыздар. Сондықтан олардың интерпретациялары өздерінің проекциялары мен көріністерін қамтиды.
Менің ойымша, адамдар көріпкелдерге өздерінің болжамдарын растау үшін баратын тәрізді. Сондай-ақ, олардың дәлелді жауаптарын өзін-өзі жүзеге асыратын пайғамбарлық тұрғысынан қарастыруға болады. Психологияда бұл американдық психолог есімімен Розенталь эффектісі деп аталады. Мәселен, көріпкелден жұмысының жоғарылауы күтіп тұрғанын естігеннен кейін, адам бұған дайындала бастайды, яғни бұған қол жеткізу үшін қолынан келгеннің барлығын жасайды. Ол мейірімді және белсенді бола бастайды, сөйтіп жұмысында жоғарылай бастайды. Бірақ заңдылықтарды кездейсоқтықтан ажырату мүмкін емес, ол үшін қажетті ғылыми құралдар жоқтың қасы.
Бехтереваға келетін болсақ, ол ғылыми түсініктен тыс тылсым нәрсе бар дегенге сенеді. Мәселен, бақсылар мен шамандар қарапайым адамға қол жетімсіз транс арқылы кіреді деп есептейді. Мұны ғылым арқылы түсіндіру мүмкін емес. Бүгінде мидың тек электрлі белсенділігін ғана түсіруге болады, бірақ бірде-бір құрылғы ұйқының байыбына бара алмайды.
– Ерекше бір әйелдер сезімі туралы жиі айтылады. Ол шынымен бар ма, әлде бұл түпсана деңгейіндегі аналитика ма?
– Бейсаналық тиімді құбылыс емес. Біз интуицияның болуын жоққа шығара алмаймыз, өйткені оның көрінуіне көптеген дәлелдер бар. Алдағы оқиғаларды сезінетін адамдар бар. Өзгелері лотерея, казино және т. б. ұтып алады.
Егер әйел жайлы туралы айтатын болсақ, әйел қауымы табиғатқа тым жақын келеді, өйткені жүктілік процесі, содан кейін нәрестеге қамқорлық жасау ұтымды дағдыларды емес, баланың қажеттіліктерін сезінуді қажет етеді. Нәресте қажет екенін түсіндіре алмайды. Кейде интуициясы басқаларға қарағанда жиі және көбірек көрінетіндер ұжымдық сипаттағы армандарды түсіне алады. Юнгтың түсіне, мысалы, екінші дүниежүзілік соғысқа дейін Еуропаның қанға боялып жатқаны кірген. Бұл оның бойына қорқыныш ұялатты. Психиатр болғандықтан есімнен танып жатқан шығармын деп ойлады. Мұның жауабынЮнг бірнеше жылдан кейін, дәлірек айтқанда екінші дүниежүзілік соғыс басталған кезде түсінді. Бұл тұрғыда оны көріпкел деп атауға болады.
Қорытындылай келе, психика бос кеңістікті қаламайды дегім келеді. Ол қайткен күнде де міндетті түрде жаңа нәрселермен толығып отырады. Әлемге ғылыми көзқараспен қарайтын адамдар ғылыми дәлелдерді іздеп бақты және іздейді де, алайда ғылым зерттеуді қажет етеді, бұл уақыт пен қажырлы еңбекті талап етеді.
Әкімдерге бұлттарды таратуға көмек қолын созған адам
Астролог және көріпкел Назарбек Қожамсейітов жайлы мақала «үлкен» адамдардың қалауы бойынша маңызды БАҚ-ның бірінде жарық көруі тиіс болатын-ды. Алайда соңғы сәтте жұлдыздар бұған қарсы болған тәрізді, сөйтіп жарияланым жарық көрмеді.
Көзі тірісінде (2015 жылдың қазан айында қайтыс болды) оған қарапайым азаматтар да, түрлі дәрежедегі шенеуніктер де арнайы көмек сұраған, бұған көптеген алғыс хаттар мен грамоталар куә. Мәселен, құрғақшылық немесе шамадан тыс жауын-шашын болған сәттерде жергілікті басшылық табиғи құбылыстарды болжаушының телефон нөміріне қоңырау шалатын. «Бұлттарды өз қолымен таратуды» сұрайтын-ды.
Бірнеше жыл бұрын егін жинау науқанының алдында республиканың солтүстігінде нөсер жаңбыр жауған еді, – деп еске алған еді астролог. Бидай дақылдары алып жатқан үлкен аумақ су басу қаупіне ұшырады. СҚО басшылығы бірнеше күн бойы жалғасып келе жатқан жаңбырды тоқтатамын деген үмітпен мені шұғыл шақырған-ды. Менің араласуымнан кейін бұлттар ыдырап күн шыға бастады. Егін алқабын сақтап қалғаным үшін мен бағалы сыйлықпен марапатталдым. Ал 2003 жылы Баянауылда құрғақшылық салдарынан орман өрттері өршіп тұрды. Менің табиғат құпияларына араласуым бұлтты тудырып, арты нөсер жаңбырға ұласуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде өрт сөндіріліп, орман алқаптарының негізгі бөлігі сақталып қалды.
Жұлдызшының Алматыға төніп келе жатқан жер сілкінісін айдап әкету немесе әлсірету арқылы жердің геомагниттік өрісіне әсер етуі мүмкін екендігі туралы әңгімесі қатты әсер етті. Оның мұндай сөздері қатты әсер етті, алайда сол жылдары жер сілкінісі мегаполисті айналып өткен болатын. Назарбек ағай жағдайды өзінің бақылауында ұстайтынын және өзінің сиқырлы сыйының арқасында жер қыртысының тербеліс күшін әлсірететінін немесе тіпті аз қоныстанған жерлерге жер сілкінісін жібере алатынын айтқан-ды. Оның айтуынша, 2003 жылы түсінде Зырян ауданында (қазіргі – Алтай қаласы, ШҚО) жер сілкінісі болатынын сезген. Ол кісінің араласуына байланысты, жер сілкініс басқа елге кеткен көрінеді. Сол кезде көріпкел оңтүстік астанада өзінің ресейлік әріптесі, ғылыми дәрежеге ие көріпкел Григорий Грабов жасаған, жердегі тербелістердің күшін бақылау құралын енгізуді армандайтынын айтты. Оның айтуынша, бұл құрылғы жер сілкінісінің нақты уақытын анықтауға және элементтің күшін әлсіретуге (әрине, оның құдайлық сыйының көмегімен) мүмкіндік беруі керек еді. Болашақта қазақстандық сиқыршы Алматыны түтіннен тазартатын құрал жасамақ болды.
Менің алдымда күрделі кестелермен сызылған дәптер жатқан болатын. Оның мазмұнын тек автор ғана түсіндіре алады.
– Егер сенбесеңіз, менің жазбаларыма қараңыз. Менің сенімсіз көзқарасымды байқаған ол, реніш танытқан күйі. Мен түсімде алдын алуға болатын түрлі оқиғаларды жиі көремін. Бірде Ақтөбе облысында бір топ адам қатты боран кезінде жапан далада қалған болатын. Олардың арасында аудандардың бірінің әкімі болды. Адамдар адасып кетіп, қауіп төне бастады. Әкім үмітсіздік шарасынан қолын аспанға көтеріп, шағын дұғадан кейін: «Назарбек ағай, маған көмектесіңіз»! Қасындағылар оған күле қараған. Бұл уақытта біздің жақта түн болатын. Түсімде мен қарлы даланың ортасында маған көмек сұраған адамды көрдім. Менің араласуымнан кейін жел тоқтап, аспан жарқырай бастады. Адамдар қар тұтқынынан аман-есен құтқарылды.
Тағы бір оқиға менің республикамыздың солтүстік аймағындағы елді мекендердің біріне сапарым кезінде болған еді. Менің келуімді бір бөтелке қымбат коньякпен атап өткен досым аудан орталығына дүкенге барады. Бұл уақытта мен ұйықтап жатқан болатынмын. Түсімде мен түскен үйдің иесіне екі адамның шабуыл жасағанын анық көрдім. Мен бұған «араласып», «көмектестім». Сәл «қызыңқырап» алған досым автөлікпен келе жатқанда, МАИ қызметкерлері тоқтатқан. Қорқып кеткен досым маған ойша көмек сұрап жүгінді. Жол сақшыларының оған құрмет көрсетіп, белгісіз бағытқа қарай кетіп бара жатқан сәтін көргенде досымның таңданысы қандай болды десеңізші.
Көріпкел маған өзінің түс жорудағы жетістіктері туралы айтып жатқан сәтте, мен оның керемет қабілеттері туралы материалдары бар ескі газет тігінділерін зерделеген болатынмын. Мен сондай-ақ зор ілтипатпен жазылған көптеген хаттарды оқыдым, онда адамдар оның қырағы көзіне және құдайдың табиғатты «тануға» берген тәңір сыйы үшін алғыстарын айтқан.
Елімізді жақын арада, болашақта не күтіп тұрғанын сұраған кезде, 2003 жылы түс көргенін айтқан, аян берілгенін мәлімдеген. 2010-2011 жылдары Қазақстан ТМД-ның ең озық еліне айналады…
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.