English version

Қазақша сөйлеуді мәдениетсіздікке теңеген бизнесмен кешірім сұрады

Контекст дня — 20 октября 2022 16:50
0 -1

Chocofamily холдингінің негізін қалаушы Рамиль Мухоряпов Ресей Федерациясында ішінара жұмылдыру жарияланғаннан бастап елге келген ресейліктер үшін тренингтер өткізе бастады. Осындай кездесулердің бірінде кәсіпкер қазақ тілі туралы пікір білдірген. Бұл бейнежазба көпшіліктің наразылығын тудырды.

– Сізге орыс тілінде қызмет көрсетілмей сізбен қазақ тілінде сөйлесе ме? Бұл агрессия емес. Бұл жағдайға түсіністікпен қараңыздар. Қандай да бір жеккөрушілік танытпайық. Бірақ егер мұндай жағдай болса, мен де ауыр қабылдаймын. Мен үшін бұл ұлтшылдықтың көрінісі және мәдениеттің төмендігін көрсетеді, – дейді кәсіпкер жиналған жұртқа.

Кәсіпкер қоғамды қызу талқыға түскен сөзіне түсініктеме берді.

– Біз ежелден қонақжайлылығымызбен танылдық және басқаларды қонақ ретінде қарсы алуымыз керек. Басымдықты көрсету, көмектеспеу, бағаны көтеру дұрыс емес. Бұл тек сырттан келгендер үшін ғана емес, жерлестерге де дәл солай. Егер сіздің қонағыңыз көмек сұраса және сіз орыс тілін білмесеңіз, қонаққа қазақ тілінде жауап беру арқылы көмектесуге тырыссаңыз сіз елдің нағыз қонақжай тұрғынысыз. Егер сіз орыс тілін біле тұрып, жай ғана мазақ етсеңіз, бойыңызда қонақжайлылық жоқ, – деп жазды Мухоряпов.

Сөз соңында ол қазақ тілін құрметтейтінін айтты. Желіде бұл тақырып бойынша пікірталастар басталды.

Фото: Ашық дереккөз

Изображение 1 для Қазақша сөйлеуді мәдениетсіздікке теңеген бизнесмен кешірім сұрады
https://t.me/kzexclusivehttps://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.