Қазақстанға бидай әкелуге тыйым салу мерзімі тағы да ұзарды
Сауда жөніндегі ВАК отырысында Қазақстанға бидай әкелуге тыйым салуды ұзарту туралы шешім қабылданды. Осылайша, бидайды автомобиль көлігімен Қазақстан аумағына, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден әкелуге тыйым салу шешімінің уақыты 2023 жылғы 10 қазанда аяқталады, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Шешім бидайды ҚР-на әкелудің және оны Ресей Федерациясымен шекаралас аймақтарынан автомобиль көлігімен реэкспорттаудың «сұр схемаларын» болдырмау мақсатында қабылданды.
Бұл ретте, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді тұқым материалымен қамтамасыз ету мақсатында тұқымдарды автокөлікпен жеткізуге рұқсат етіледі.
Бірақ бұл жағдайда партиялар тұқымның сапасы туралы куәлікпен қоса бірге жүруі керек. Бұдан басқа, лицензияланған элеваторлардың, астық өңдеушілердің, құс шаруашылығы кәсіпорындарының атына жеткізілімдерді қоспағанда, импорттық бидайды Қазақстан аумағына және теміржол көлігімен әкелу шектеледі.
Фото: ашық дереккөз
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.