English version

Қазақстанға келген ресейліктердің жартысынан астамы кетіп қалды – ІІМ

Контекст дня — 28 сентября 2022 12:50
0 -1

Соңғы күндері Қазақстанға келген Ресей азаматтарының жартысынан астамы елден кетіп қалған. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлімдеді.

– Шамамен 100 мың адам көшіп келді, бүгінде олардың 65 пайызы кетіп қалды. Кешегі күні 64 мыңнан астам адам біздің елден кетті, – деді Қожаев.

Сондай-ақ, бір апта ішінде Ресейден келген азаматтар ешқандай қылмыс немесе құқық бұзушылық жасамағанын айтты.

– Көбіне заңға бағынатын азаматтар келіп жатыр. Олар құқық бұзушылық жасаған жағдайда, әрине, шаралар қабылданатын болады. Заң барлығына бірдей. Егер олар көші-қон заңнамасын бұзса, қылмыстық құқық бұзушылық жасаса, елден шығарылады, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Шекарадағы және олар орналасқан жерлердегі көші-қон процестерін бақылаймыз, – деді министрдің орынбасары.

Сондай-ақ, ол ІІМ-ге Ресейден іздеу жарияланған жалтарушылардың тізімдері түспегенін атап өтті.


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.