English version

Қазақстанға заңсыз кірген «Путиннің күзетшісі» қамауға алынды

Контекст дня — 14 декабря 2022 17:10
0 -1

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында РФ Федералдық күзет қызметінің майоры Михаил Жилинің ісі қаралды. «Путиннің күзетшісі» Қазақстаннан аластатылуы мүмкін.

36 жастағы Михаил Жилин Сібір федералды округіндегі Ресей Федералдық күзет қызметінің (ФСО) арнайы байланыс және ақпарат басқармасында басшы қызметін атқарған. Ол мемлекеттік құпия туралы білген және оған елден шығуға тыйым салынған.

Соғыс басталғаннан кейін оның жұмыстан шығу туралы өтінішін қабылдамаған. Бірақ мобилизация жарияланған кезде Жилин Қазақстан шекарасын жаяу кесіп өткен. Оны шекарашылар ұстап, қайта жіберген. Жилин Қазақстаннан саяси баспана сұрады, бірақ қараша айының соңында ҚР билігі оған босқын мәртебесін беруден бас тартты.

6 желтоқсанға қараған түні Жилин Астанадан Арменияға ұшуға тырысқан, бірақ ол әуежайда ұсталды.

Фото: Фокус

Изображение 1 для Қазақстанға заңсыз кірген «Путиннің күзетшісі» қамауға алынды
https://t.me/kzexclusive

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.