English version

Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетеді

Контекст дня — 9 октября 2023 17:30
0 -1

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетеді. Бұл мәселе Үкіметтік комиссияның отырысында талқыланды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, гуманитарлық көмек азық-түлік тауарлары, шатырлар, дәрі-дәрмектер, киім-кешек және басқа да қажетті заттардан тұрады.

Жүктер жақын арада әуе және теміржол көлігімен жөнелтіледі. Ауғанстанға үйінділер астында қалған адамдарды құтқару үшін ТЖМ құтқарушылары, соның ішінде кинолог мамандар жіберіледі.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.