English version

Қазақстан аумағында заңсыз вейп кіргізген азаматтар ұсталды

Контекст дня — 11 января 2024 16:50
0 -1

ҚМА Қостанай облысы бойынша Департаменті 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ресейден Қостанай қаласына Қазақстан аумағында айналымға тыйым салынған тиісті таңбалаусыз және салық төлеусіз құрамында никотин бар вейптерді, темекі қоспаларын және темекі шегетін электрондық құрылғыларды әкелген шетел азаматтары А.Б. Рябчиков пен Г. В. Лейкиннің қылмыстық іс-әрекетін әшкерледі, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.

Агенттіктің мәліметі бойынша, аталған тұлғалар темекі құрылғыларын акциздік және қосылған құн салығын төлемей, халық тұтынатын тауарлар түрінде Қазақстанға кіргізген.

– Заңсыз әкелінген акцизделетін өнім облыс аумағында және еліміздің көршілес облыстарында сатылған.
35,2 млн теңге сомасына вейптердің ірі партиясын әкеліп, өткізу кезінде, аталған тұлғаларды ҚМА Қостанайлық Департамент қызметкерлері тұтқындады. Сот үкімімен А. Б. Рябчиков пен Г.В. Лейкин айыпталған әрекеттері үшін кінәлі деп танылып, айыппұл төлеу түріндегі жазаға кесілді, – деп жазылған хабарламада.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.