English version

Қазақстан Беларуське экспортты арттырады

Контекст дня — 28 октября 2022 17:10
0 -1

Бүгін Астана қаласында ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтті.

​​ТМД Үкімет басшылары кеңесінің Астанадағы кезекті отырысы қарсаңында Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Беларусь премьер-министрі Роман Головченкомен кездесті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Өзара сауданы ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде Қазақстан Беларусь нарығына шығарылатын экспортты кеңейтуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты Үкімет жақын арада Беларусь басшылығының қарауына жіберілетін әлеуетті экспорттық тауарлар тізбесін жаңартты.

Жалпы, өткен жылдың қорытындысы бойынша елдер арасындағы тауар айналымы 20%-ға өсті.

– Қазіргі таңда біз әртүрлі салаларда шикізаттық емес тауарлардың 105 түрін жеткізу мәселесін бірлесіп пысықтауға дайынбыз, – деді Смайылов.

Екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі – өнеркәсіп кооперациясы. Бүгінгі таңда 1,5 мың жұмыс орнын құра отырып, бірлескен 7 жоба іске қосылды, тағы 2 жоба іске асыру сатысында.

Роман Головченко ауыл шаруашылығында, атап айтқанда, Қазақстанда Беларусь технологиялары бойынша тауарлы сүт кешендерінде бірлескен жобаларды іске қосудың перспективаларын атап өтті.

Сондай-ақ Беларусь премьер-министрі екіжақты қатынастардың барлық спектрі бойынша өзара іс-қимылды мақсатты түрде нығайтуға дайын екенін мәлімдеді.

Фото: Ukimet

Изображение 1 для Қазақстан Беларуське экспортты арттырады

Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.