Қазақстан Бразилиядан сиыр етін әкелуге тыйым салды

Қазақстан Бразилиядан ірі қара мен сиыр етін әкелуге уақытша шектеулер енгізді. Тиісті шешім Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінде қабылданды, деп хабарлайды Exclusive.kz.
Шектеу қоюға негізгі себеп – ірі қара малдың ауруы.
– Халықаралық жануарлар денсаулығы ұйымының ақпараты негізінде 2023 жылғы 9 наурыздан бастап ірі қара малдың губка тәріздес энцефалопатиясына (BSE) байланысты Қазақстан аумағына Бразилиядан мына тауарларды әкелуге уақытша шектеу енгізіледі, – делінген құжатта.
Олар:
тірі ірі қара мал;
ірі қара малдың қаны және қан өнімдері;
сүйектегі сиыр еті;
сиырдың ішкі өнімдері;
қорғалған қабықтарды қоспағанда, ірі қара малдан алынған ішек шикізаты;
механикалық өндеуден өткен сүйектен алынған сиыр еті;
30 айдан асқан ірі қара малдан алынған сүйексіз сиыр еті;
сүт ақуыздарын қоспағанда, құрамында өңделген ірі қара ақуыздары бар өнімді мал азығына және өнімді мал азығына арналған өңделген ірі қара ақуыздары.
Фото: sputnik
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.