Қазақстан «Донецк пен Луганскідегі» референдумды мойындамайды
Қазақстан Донецк пен Луганскіде өткен референдумды мойындамайды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.
– Қазақстан мемлекеттердің аумақтық тұтастығы, олардың егемендік теңдігі және бейбіт қатар өмір сүру принциптерін қолдайды, – деді Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Смадияров Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ жарғысына негізделген халықаралық құқық қағидатын бұлжытпай сақтаудың маңыздылығы туралы айтқанын еске салды.
– Біз саяси диалогты жолға қоюға жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенімізді тағы да растаймыз. Бұл ретте еліміз тұрақтылықты өңірлік деңгейде де, жаһандық деңгейде де сақтауды маңызды міндет деп санайды, – деді ол.
Поделиться публикацией
Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.